Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі әкімінің 17.06.2014 № 7 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 01-06-85 ұсынысы негізінде, Абылайхан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ньюкасл құс ауруы анықталуына байланысты Абылайхан ауылдық округінің Озерное селосы аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абылайхан ауылдық
округінің әкімі Ә.Ахметов