Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының 09.02.2015 № 14-5/595 хаты).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылдың 31 қазанына дейін орманда өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Тағымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |