Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 122 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 332 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қазанда № 4042 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 22.06.2015 № 214 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 122 "Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3906 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi cпорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      7-тармақта "қосымшасына" деген сөзді "1-" санымен толықтырылсын;
      регламенттің қосымшасында "қосымша" деген сөзді "1-" санымен толықтырылсын;
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
      мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: "8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламеттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғарыжәне орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      7-тармақта "қосымшасына" деген сөзді "1-" санымен толықтырылсын;
      регламенттің қосымшасында "қосымша" деген сөзді "1-" санымен толықтырылсын;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
      мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: "8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламеттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Облыс әкімі

А.Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 332 қаулысына
1 - қосымша
 


"Cпорт шеберiне кандидат,
бірiншi спорттық разряд,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi бірiншi санатты
әдiскер, бірiншi санатты спорт
төрешiсi" cпорттық разрядтары
мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 - қосымша
 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – үдерістерінің анықтамасы


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 332 қаулысына
2- қосымша
 


"Екiншi және үшiншi разрядтар,
бірiншi, екiншi және үшiншi
жасөспiрiмдік разрядтар,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi
санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi
спорттық разрядтары мен
санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 - қосымша
 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – үдерістерінің анықтамасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады