Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Өтеген Сейітовтің есімін беру туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 259 шешімі және Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 438 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4122 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі қорытындысына, Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы өткізген көпшiлiктiк тыңдаудың хаттамасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Өтеген Сейітовтің есімі берілсін.
      2. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі
      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы
      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы

А. МҰХАМБЕТОВ
 
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
 
М. ИТЕҒҰЛОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады