Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9931 тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 782 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-5) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерi:

      1) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде өрттердiң алдын алу және сөндiру;

      2) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу болып табылады.

      3. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 09.06.2023 № 312 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Негізгі міндеттерге сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:

      1) жолға шығатын техникасы бар - қарамағында негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдері бар өрт сөндіру бөлімдері;

      2) жолға шығатын техникасы жоқ - қызметкерлері өрттердің алдын алу (профилактика) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және өрттерді алғашқы өршу сатысында өрт сөндірудің стационарлық, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, сөндіруге қатысатын өрт сөндіру бекеттері.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа он сегiз жасқа толған және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлық бойынша оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      6. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өртпен күресуге әзiрлiгiн бақылауды және өртке қарсы қызметтердiң қызметiн үйлестiруді азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыру тәртібін осы Қағидаларға сәйкес объектiлердiң басшылары айқындайды.

      8. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет өз қызметін объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аттестат болған жағдайда жүзеге асырады.

      9. Мемлекеттiк емес өртке қарсы бiр қызметтің оны ұстауға үлестiк қатысатын мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің нормативтiк шығу радиусындағы бiрнеше объектiге қызмет көрсетуiне болады.

      10. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттар осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тізбесіне сәйкес объектілердің басшылары қалыптастырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет тұрақты (тәулiк бойы) дайындықта болады.

      12. Есептоптың командирi басқаратын өрт сөндiру автомобилiндегі есептоп жолға шығатын техникасы бар мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң негiзгi бiрлiгi болып табылады. Өрт сөндiру бөлiмiнде екi және одан астам өрт сөндiру автомобилi болған кезде қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.

      13. Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндiру бөлiмдерiнде өрттердiң алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру үшiн объект басшысының шешімімен нұсқаушылары бар өрт профилактикасы топтары құрылады.

      14. Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құрылған объектiлердi өрттерден күзетудi нұсқаушы-өрт сөндiрушiлер (кезекшi ауысымда кемiнде 2 штаттық қызметкер) жүзеге асырады.

      15. Объект басшысының шешімімен мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндiру бөлiмдерi мен бекеттерiнде күштердi, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау үшiн:

      1) өрт, авария туралы хабарламаларды қабылдауды;

      2) шақыру орнына өрт сөндiру автомобильдерiндегі есептоптарды жіберуді;

      3) өкiмдер берудi, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндiруге тартылатын бөлiмшелермен өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн ұйым немесе объекті басшысының шешімімен байланыс пункттері құрылады.

      Өрт сөндiру бөлiмінiң (бекетінiң) байланыс пункті мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жақын орналасқан бөлiмшесiнiң байланыс пунктімен байланыс арнасымен қамтамасыз етіледі.

      16. Өрт сөндiру автомобильдерi ұтқыр радиостанциялармен қамтамасыз етiледi. Тасымалданатын байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндiру басшысы, кезекшiлiктi жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндiру бөлiмi мен бекетi тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегi қызметкерлер қамтамасыз етiледi.

      17. Өрт сөндiру бөлiмдерiнде және бекеттерiнде демалуға қолайсыз ортада жұмыс iстеу мүмкiндiгi үшiн объект басшысының шешімімен газ-түтiннен қорғау қызметi құрылады.

      18. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады. Объектілер мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрамында үлестік қатысқанда негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны ең көп су шығынын қажет ететін объект үшін айқындалады.

      19. Объектiлерде өрттердi сөндiру үшiн қажеттi негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезiнде тасымалданатын немесе жылжымалы өрт сөндiру мотопомпалары көзделедi.

      20. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің санын объект басшысы олардың ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.

      21. Өрт сөндiру автомобильдерi "Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету" ҚР СТ 1174-2003 талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 № 47 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Объектідегі кезекшілік ауысымдағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны өрт сөндіру автомобиліндегі есептоптардың санына көбейтілген өрт сөндіру автомобильдерінің санымен анықталады.

      23. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес олардың жұмыс ауысымын және жұмыс уақытының ұзақтығын ескере отырып анықталады.

      24. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны объект қызметкерлерiнiң бекітілген штат санына тең немесе 50 % артық болғанда есептоптың лауазымдарын өртке қарсы ерікті құралымдар құрамына кіретін объектінің штаттық қызметкерлері есебінен ауыстыруға болады.

      25. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметте объектiнiң өндiрiстiк сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қосып, қызметкерлердi жыл сайын арнайы даярлауды ұйымдастыру көзделедi.

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің қызметін жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.02.2021 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Құжаттың атауы

Сақтау орны

1

2

3

Қызметтi ұйымдастыру бойынша

1.

Қызмет кiтабы

Қарауыл бастығы

2.

Кезекшi қарауыл қызметкерлерiнiң функционалдық мiндеттерi

Бөлiм бастығы, № 1 папка

3.

Бөлiмше жарағындағы өрт сөндiру автомобильдерiне арналған есептің табелi

№ 1 папка, стенд

4.

Қарауылдарға қызметкерлердi бекiту туралы бөлiм бастығының бұйрығы

Бөлiм бастығы, № 1 папка

5.

Қызметкерлердiң мекенжайлары мен телефондарының тiзбесi

№ 2 папка

6.

Телефон анықтамалығы, ОӨБП (КҚЖБО), бөлiмшелердiң, гарнизонның лауазымды адамдары радиостанцияларының шақырулары

№ 1, 2 папка

Даярлықты ұйымдастыру бойынша

7.

Жеке құрамды кәсiптік даярлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi бұйрық (ағымдағы жылға)

Бөлiм бастығы

8.

Өрт сөндiрушi, жүргiзушi және радиотелефонист лауазымдарына жаңадан қабылданған қызметкерлердiң алғашқы даярлықтан өтуі туралы сертификаттар (көшірмелер), олардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және оны өткiзу құжаттары

Бөлiм бастығы

9.

Арнайы даярлықтан және тағыламдамадан өткеннен кейiн дербес жұмыс iстеуге жiберу туралы бұйрық

Бөлiм бастығы

10.

Өрт сөндiрушiлердi, жүргiзушiлердi және радиотелефонистердi кезекті даярлау жөнiндегi тақырыптық жоспарлар мен сабақтардың кестелерi

Бөлiм бастығы

11.

Объектiлердi жедел тактикалық зерделеудің, өрт-тактикалық сабақтар өткiзудің жоспар-кестесi (күндiзгi және түнгi уақытта)

№ 1 папка

12.

Жеке құрамды ТКОЖҚҚ түтiн камерасында жаттықтырудың жоспар-кестесi

Бөлiм бастығы, № 1 папка

Өрт сөндiрудi ұйымдастыру бойынша

13.

Бөлiмшелердiң шығу кестесi (үзiндi) немесе "Күштер мен құралдарды тарту жоспары"

Бөлiмнiң байланыс пунктi

14.

Бөлiмшелердiң орнатылған су көздерiне, өрт шығу, жарылу қаупi бар объектiлерге, ҚӘУЗ объектiлерiне, адамдар жаппай болатын объектiлерге және басқа да маңызды объектiлерге шығу ауданының жоспар-картасы

Бөлiмнiң байланыс пунктi

15

Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, ҚР ТЖМ ӨҚҚК аумақтық бөлімшелерінің телефон анықтамалығы

№ 2 папка

16

Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен, ҚР ТЖМ ӨҚҚК аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулықтары

№ 1, № 2 папка

17.

Өрт сөндiрудiң жедел жоспарлары мен карточкаларының тiзiмi

Бөлiмнiң байланыс пунктi, № 2 папка

18.

Өрт сөндiрудiң жедел жоспарлары мен карточкалары

Бөлiмнiң байланыс пункті

19.

Өрт сөндiру автомобильдерiнiң өртке шығу жолдамалары

Бөлiмнiң байланыс пункті

20.

Бөлiмнiң байланыс пунктiнiң журналы

Бөлiмнiң байланыс пункті

21.

Саптық жазба журналы

Бөлiмнiң байланыс пункті

22.

Кiрiс телефонограммаларының журналы

Бөлiмнiң байланыс пункті

Газ-түтiннен қорғау қызметi бойынша (болған кезде)

23.

Газ-түтiннен қорғаушының жеке карточкасы

Қарауыл бастығы

24.

Газ-түтiннен қорғаушыға ТОЖҚҚ бекiту (қайта бекiту) туралы бұйрық

№ 1 папка

25.

Қызметкерлердi қауiпсiздiк бекетiнде дербес жұмыс iстеуге жiберу туралы бұйрықтан үзiндi

№ 1 папка

26.

ГТҚҚ бекетiндегi ГТҚҚ мүлкiнiң тiзiмi (жабдық, аспап, маска жарағы, баллондар, регенеративтi патрондар, ТОЖҚҚ)

ГТҚҚ бекетi

27.

ГТҚҚ бекетiнде жұмыс iстеген және ТОЖҚҚ қызмет көрсету кезiндегi қауiпсiздiк шаралары туралы нұсқаулық

ГТҚҚ бекетi

28.

ТОЖҚҚ жөндеуге тапсыру туралы акт

ГТҚҚ бекетi (папкада)

29.

ТОЖҚҚ № 1 тексерiстi тiркеудi есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

30.

ТОЖҚҚ № 2 тексерiстi тiркеудi есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

31.

ГТҚҚ жұмыс iстеушi буындарды есепке алу журналы

Есептоптағы әрбiр негiзгi автомобильге – 1

Қауiпсiздiк техникасы бойынша

32.

Қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық журналы

Бөлiм бастығы

Өрт сөндiру техникасы бойынша

33.

Өрт сөндiру машиналарына жүргiзушiлер құрамын бекiту туралы бұйрықтан үзiндi

№ 1 папка

34.

Өрт сөндiру машиналарына ТҚК кестесi, өрт сөндiру автомобильдерiне ТҚК жүргiзудiң жоспар-картасы

Бөлiм бастығы, № 1 папка, стенд

35.

Өрт сөндiру автомобильдерiн қабылдау-тапсыру журналы

Қарауыл бастығы

Өрт-техникалық жарақ бойынша

36.

Өрт-техникалық жарақты сынау журналы

Қарауыл бастығы

37.

Әрбiр негiзгi және арнайы автомобильге өрт-техникалық жарақ тiзiмi

Қарауыл бастығы, автокөлiк

38.

Диэлектрлiк құралдарды сынау актiлерi

Қарауыл бастығы

Түтіктік шаруашылық бойынша

39.

Өрт сөндiру түтіктерінің паспорттары

Қарауыл бастығы

40.

Түтіктерді есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

41.

Өрт сөндiру түтіктерін соңғы сынау ведомосі

Бөлiм бастығы, қарауыл бастығы

Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша

42.

Гидранттарды және басқа да сумен жабдықтау көздерiн тексеру журналы

Қарауыл бастығы

43.

Объектiнiң су көздерiнiң анықтамасы мен планшетi

Есептоптағы әрбiр негiзгi автомобильге

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚР ТЖМ ӨҚҚК – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті
      ОӨБП орталық өрт сөндiру байланыс пунктi
      КҚЖБО күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы
      ТОЖҚҚ тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы
      ҚӘУЗ қатты әсер ететiн улы заттар
      ГТҚҚ газ-түтiннен қорғау қызметi
      ТҚК техникалық қызмет көрсету

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің қызметін жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 09.06.2023 № 312 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны объектідегі ықтимал өрттің неғұрлым күрделі нұсқасын сөндіруге қажетті су шығысының қол оқпандарымен (14 л/с) бір өрт сөндіру автомобилінің есебімен берілетін, бірақ екіден кем емес су шығысына қатынасымен айқындалады.

      Алынған мөлшерді ұлғайту жағына қарай 0,5-тен асатын мәнмен дөңгелектеу қажет.

      2. Сөндіруге қажетті су шығысын есептеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15430 болып тіркелген) бекітілген өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      3. Мүмкін болатын өрттің ең қиын нұсқасы-өрт:

      1) Мұнай және (немесе) газ өндіру объектілері үшін өнімділігі неғұрлым жоғары ұңғымада;

      2) мұнай айдау станциялары, газ толтыру станциялары, мұнай базалары, мұнай өнімдері қоймалары, газды жерасты сақтау станциялары үшін ең үлкен сыйымдылықтағы резервуарда;

      3) газ өңдеу зауыттарының, мұнай өңдеу зауыттарының, газ компрессорлық станциялардың, мұнай құю және мұнай ағызу эстакадаларының, мұнай-химия өнімін, химиялық өнімді, шиналар мен резеңке-техникалық бұйымдарды, минералды тыңайтқыштарды өндіру, сұйытылған көмірсутекті газдарды өңдеу және алу жөніндегі кәсіпорындардың, көмір, қара және түсті металдар өндіру кен орындары объектілерінің, элеваторлардың, мұнай мен газды қайра өндіру және дайындау үшін теңіз операцияларын қолдау базаларының негізгі өндірістік ғимаратында немесе сыртқы технологиялық қондырғысында;

      4) электр энергетикасы өнеркәсібі ұйымдары үшін неғұрлым өрт қауіпті ғимаратта, құрылыста немесе сыртқы қондырғыда;

      5) өнеркәсіптік өндірістің барлық түрлерінің ең өрт қауіпті ғимаратта, құрылыста немесе сыртқы қондырғыда;

      6) әуежай вокзалының ғимаратында;

      7) жарылғыш заттар қоймалары үшін ең үлкен сыйымдылықты сақтау объектісінде;

      8) базарлар үшін ең үлкен сауда алаңы бар ғимаратта бояған өрт саналады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады