Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22192 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ 59 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған):

      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірлері 15-жол және 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, ҚР ТЖМ ӨҚҚК аумақтық бөлімшелерінің телефон анықтамалығы

№ 2 папка

16

Өзара іс-қимыл жасау, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен, ҚР ТЖМ ӨҚҚК аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулықтары

№ 1, № 2 папка

      ";

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚР ТЖМ ӨҚҚК – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті";

      2-қосымшада:

      4, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда сыртқы өрт сөндіруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға және тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны "Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 209-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19744 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) бекітілген "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" 2.02-03-2019 Қазақстан Республикасы құрылыс нормаларының (бұдан әрі – ҚР ҚН) талаптарына сәйкес қабылданады.

      5. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупі бар өндірістің сыртқы технологиялық қондырғыларында (резервуарлық парктер, сорғымен айдау станцияларының ғимараттары, ағызу-қотару эстакадалары) сыртқы өрт сөндіру автоматты өрт сөндіру жүйелерімен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафетті оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген объектілерде жолға шығатын техникадан өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндіріс ғимараттарына (әкімшілік ғимараттар, гараждар, тұрақтар), сондай-ақ ҚР ҚН 5-тарауының 13-тармағында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледі.

      6. ҚР ҚН 5-тарауының 13-тармағында анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндірісте сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететін ғимараттар (құрылыстар) үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 маусымда жарияланған) бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің 81-90-тармақтарына сәйкес қабылданады.".

      2. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12478 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      2-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттермен және тренажерлармен, оқулықтармен, оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік материалдармен жарақталуы;";

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің едәуір даярланған қызметкерлері немесе тиісті біліктілігі бар басқа мамандар сабақ өткізуге тартылуы мүмкін.";

      3. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестатын алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) құжаттарды береді.";

      1-қосымшада:

      нысанның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Нысан
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің
төрағасына
______________________";

      1-1-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті беруші атауы

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

      ";

      2-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады