"Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 886 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қаңтарда № 10102 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 13 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарда:

      1-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметкерлері;";

      1-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің тергеу қызметін жүзеге асыратын қызметкерлері;";

      1-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші абзацы алынып тасталсын;

      1-тармақтың 3) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің талдау және профилактикалық жұмыс бөліністерінің қызметкерлері";

      1-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы алынып тасталсын;

      Талаптардың 87-қосымшасы төртінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      I, III, IV бағандары бойынша куәландырылушылар прокуратура, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары, өртке қарсы қызмет, ішкі істердің қылмыстық-атқару жүйесі үшін бойы кемінде 165 см (әйелдер үшін – 160 см), ішкі істер органдарына қызметке түсетіндер және кандидаттар үшін, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсетіндер үшін бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 160 см), ДМИ кемінде 18,5 кг/м2.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (А.І. Балтағұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (А.І. Балтағұлов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2014 жылғы 24 желтоқсан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады