"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 931 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 ақпанда № 10182 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 21-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының № 31 актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер органдарынан шығару қағидасында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметтен босатылған қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтік куәлігін және кию мерзімі бітпеген нысанды киімін тапсырады.
      Ішкі істер органдарындағы қызметте он бес және одан көп жыл еңбек сіңірген, жасы, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқаруы бойынша ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шығарылған, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақат алған және қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлер салтанатты және салтанатты-шығу нысанды киімді тапсырудан босатылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (А.І. Балтағұлов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
      2) бекітілген тәртіпте осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің бастықтары, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары және дербес бөліністерінің бастықтары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Тыл департаментіне (А.І. Балтағұлов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады