Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 152 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 3862 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 291 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 14.01.2016 № 291 шешімімен.
      Ескерту. Атауға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 10.11.2015 № 268 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері осы шешімдегі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      М.Көптілеуова А.Ермағамбет
      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
      С. Нұрқатова
      15 сәуір 2014 ж.

  Әйтеке би аудандық мәслихатының
2014 жылғы 15 сәуірдегі № 152
шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 10.11.2015 № 268 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Келесі санаттарға:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
      мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде
      қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай – 30 мың теңге мөлшерiнде;
      Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбилеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде.
      Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
      Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Әйтеке би ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады