Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.07.2015 № 7 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2014 жылғы 14 сәуірдегі ұсынысының негізінде, Сартоғай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдарынан арасында "бруцеллез" ауруының шығуына байланысты Сартоғай ауылдық округінің "Баршақұм" елді мекенінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сартоғай ауылдық |
|
округінің әкімі: |
Е. Қарабасов |