Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 25 «Көшені қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-115 санымен тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «село», «селоның» сөздері тиісінше «ауыл», «ауылдың» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша «аульного» сөзі тиісінше «сельского» сөзімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі |
Е. Калиев |