Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, медениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 мамырдағы № 142 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 маусымда № 3922 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 241 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 241 шешімімен (қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 20.05.2015 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы:
Аудандық мәслихаттыңхатшысы:
      А. ҚЫСТАУБАЕВА К. ҚОСАЯҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады