Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 241 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-1 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысының 17 тармағына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: М. ТҰРЫМОВ
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: К. ҚОСАЯҚОВ

  Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 ақпандағы № 241 шешіміне қосымша

Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізімі:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 мамырдағы № 142 "Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3922 тіркелген, 2014 жылдың 10 маусымда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 196 "Ырғыз ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4435 тіркелген, 2015 жылдың 23 шілдеде облыстық "Керекinfo" және "Актобеtimes" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      3. Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №224 "Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу Қағидасын бекіту және орындарын белгілеу туралы" шешімі;
      4. Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №226 "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады