Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 маусымда № 3928 болып тіркелді

     Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округінің әкімінің 14.11.2014 № 14-1/236 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Ырғыз ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 17-02/128 ұсынысының негiзiнде Тәуіп ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тәуіп ауылдық округінің Оңалбай қыстағында орналасқан «Сәбитбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгiленсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Тәуіп ауылдық округінің әкімі

К. ТІЛЕУЖАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады