Бестау ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 3 «Бестау ауылы көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 4149 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121- V Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Бестау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бестау ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 3 «Бестау ауылы көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-114 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 тамыздағы «Қобда» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкіміГ.Жаманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады