Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 3892 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 02.11.2015 № 9 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 94 ұсынысының негізінде И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің И.Білтабанов ауылы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
 

      Ауылдық округ әкімі

І.Қобланов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады