Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 337 ұсыныс негізінде И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдар арасында қарасан жұқпалы ауруы ошағының анықталуына байланысты, И.Білтабанов атындағы ауылдық округі аумағында орналасқан "Мақпал" шаруа қожалығында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А.Тасмағамбетов |