РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Кенжеғұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Елеусізов |
"КЕЛІСІЛДІ" Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Смағұлов 11 мамыр 2014 ж. |
Мәртөк ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 118 қаулысына қосымша |
Мәртөк ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
№ | Лауазым атаулары |
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары | |
1 | Әлеуметтік қызметкер |
Білім беру мамандарының лауазымдары | |
1 | Білім беру мекемелерінің барлық мамандықтарының оқытушылары |
2 | Жалпы білім беру мектебінің директоры |
3 | Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі |
4 | Дене тәрбиесі басшысы |
5 | Алғашқы әскери дайындық басшысы, оқытушысы |
6 | Жалпы білім беру мектептерінде және орта, жалпы, бастауыш және қосымша білім берудің өзге ұйымдарында оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік, тәрбиелік істер жөнінде директордың орынбасары |
7 | Білім беру мекемелерінде тікелей оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын бөлім меңгерушісі, спорттық кешен меңгерушісі |
8 | Педагог психолог |
9 | Аға тәрбиеші, тәрбиеші |
10 | Әлеуметтік педагог |
11 | Мектепке дейінгі балалар ұйымының музыкалық басшысы |
12 | Аға басшы, басшы |
13 | Мектептен тыс ұйым директоры |
14 | Аға шебер, өндірістік оқыту шебері |
15 | Лаборант |
16 | Диеталық бикесі |
17 | Медбике |
18 | Аға әдіскер, әдіскер |
19 | Оқу бөлімінің меңгерушісі |
20 | Кітапхана меңгерушісі, кітапханашы |
21 | Шығармашылық шеберханасының басшысы (білім беру ұйымдарында) |
22 | Лагерь бастығы (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектептік еңбек және демалыс) |
23 | Мұғалім логопед |
24 | Педагог ұйымдастырушы |
25 | Қосымша білім беру педагогі |
26 | Мұғалім дефектолог |
27 | Оқу-тәрбиелік қызметпен тікелей айналысатын музыкалық басшы, сүйемелдеуші, концертмейстер |
28 | Еңбек жөнінде, дене тәрбиесі жөнінде нұсқаушы |
29 | Дәрігер педиатр |
30 | Хореограф |
31 | Мәдени ұйымдастырушы |
32 | Көркемдік ұйымдастырушы |
33 | Бағдарламаны қамтамасыз ету бойынша мамандар, инженерлер |
34 | Интернат меңгерушісі |
Мәдениет мамандарының лауазымдары | |
1 | Директор |
2 | Музыкалық жетекші |
3 | Әдіскер |
4 | Библиограф, кітапханашы |
5 | Кітапхана меңгерушісі |
6 | Бөлім меңгерушісі |
7 | Менеджер |
8 | Мәдени ұйымдастырушы |
9 | Сүйемелдеуші |
10 | Хореограф |
11 | Дирижер |
12 | Ансамбль жетекшісі |
13 | Селолық клуб ұйымдастырушысы |
Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары | |
1 | Бас дәрігер |
2 | Бас дәрігер орынбасарлары |
3 | Поликлиника, бөлімшелер, кабинеттер және дәріханалар меңгерушісі |
4 | Барлық мамандық дәрігерлері |
5 | Барлық мамандықтың орта медициналық қызметкерлері |
6 | Фармацевтикалық қызметкер (дәріші, фармацевт) |
7 | Психолог |
8 | Әлеуметтік қызметкерлер |
Ветеринария мамандарының лауазымдары | |
1 | Ветеринарлық станция директоры |
2 | Ветеринарлық станция директорының орынбасары |
3 | Ветеринарлық пункт меңгерушісі |
4 | Бас ветеринарлық дәрігер |
5 | Ветеринарлық фельдшер |
Дене шынықтыру және спорт мамандарының лауазымдары | |
1 | Директор |
2 | Оқу ісі жөнінде директордың орынбасары |
3 | Әдіскер |
4 | Дәрігер |
5 | Бапкер оқытушы |