Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1, 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы" және "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары (К.Абишев және Д.Шетенбаев, келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
2) "Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асырсын;
3) шақыру пунктінде шақырылушыларды шығарып салу уақытында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етсін;
4) "Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
4. 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестелері 1, 2 - қосымшыларға сәйкес бекітілсін.
5. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 20.10.2014 № 326 қаулысымен (қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа және "Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Культлеуовке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | С.Шаңғұтов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің | |
2014 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 162 қаулысына | |
1 ҚОСЫМША |
2014 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі
Р/с | Қала, ауылдық округтер атаулары | Сәуір | Мамыр | Барлығы |
Шақырылушылардың саны | Шақырылушылардың саны | Шақырылушылардың саны | ||
1 | Қандыағаш қаласы | 600 | 100 | 700 |
2 | Жұрын ауылдық округі | 37 | | 37 |
3 | Еңбек ауылдық округі | 41 | | 41 |
4 | Талдысай ауылдық округі | 9 | | 9 |
5 | Ақкемер ауылдық округі | 38 | | 38 |
6 | Ащысай ауылдық округі | 11 | | 11 |
7 | Ембі қаласы | 200 | | 200 |
8 | Мұғалжар ауылдық округі | 29 | | 29 |
9 | Егіндібұлақ ауылдық округі | 10 | | 10 |
10 | Құмсай ауылдық округі | 13 | | 13 |
11 | Жұбанов атындағы ауылдық округі | 12 | | 12 |
12 | Батпақкөл ауылдық округі | 38 | | 38 |
13 | Құмжарған ауылдық округі | 31 | | 31 |
14 | Қайыңды ауылдық округі | 19 | | 19 |
15 | Жем ауылдық округі | 12 | | 12 |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің | |
2014 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 162 қаулысына | |
2 ҚОСЫМША |
2014 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі
Р/с | Қала, ауылдық округтер атаулары | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Барлығы |
Шақырылушылардың саны | Шақырылушылардың саны | Шақырылушылардың саны | Шақырылушылардың саны | ||
1 | Қандыағаш қаласы | 600 | 390 | 150 | 1140 |
2 | Жұрын ауылдық округі | 53 | 23 | | 76 |
3 | Еңбек ауылдық округі | 50 | 20 | | 70 |
4 | Талдысай ауылдық округі | 30 | 7 | | 37 |
5 | Ақкемер ауылдық округі | 50 | | 50 | 100 |
6 | Ащысай ауылдық округі | 30 | 10 | | 40 |
7 | Ембі қаласы | 100 | 260 | | 360 |
8 | Мұғалжар ауылдық округі | 50 | 15 | | 65 |
9 | Егіндібұлақ ауылдық округі | 30 | | | 30 |
10 | Құмсай ауылдық округі | | 63 | | 63 |
11 | Жұбанов атындағы ауылдық округі | 37 | | | 37 |
12 | Батпақкөл ауылдық округі | | 85 | | 85 |
13 | Құмжарған ауылдық округі | 80 | | | 80 |
14 | Қайыңды ауылдық округі | 50 | 10 | | 60 |
15 | Жем ауылдық округі | 20 | 35 | | 55 |