Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Мұғалжар ауданы прокурорының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 2-0309-14-01568 қатынас хатына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 162 "2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3933 санымен тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі қаулының 5 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Шаңғұтов |