Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 09.11.2015 № 421 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 598 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 541 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3730 санымен тіркелген, аудандық "Мұғалжар" газетінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 2 жарияланған)
қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1,
2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
С.Шаңғұтов |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ |
Аудан атауы |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылатын балалар (саны) |
1 |
Мұғалжар ауданы |
595 |
Барлығы |
595 |
Мұғалжар ауданы әкімдігінің |
Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) |
Мектепке дейінгі ұйымдар |
|||||
Балабақшалар(бөбекжайлар, орталықтар) |
||||||
Сүйық отынмен жылытылатын жылу жүйесі |
Қатты отынмен жылытылатын жылу жүйесі |
Электрқуатымен, көгілдір отынмен және орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылатын |
||||
Қалалық жерлерде |
Ауылдық жерлерде |
Қалалық жерлерде |
Ауылдық жерлерде |
Қалалық жерлерде |
Ауылдық жерлерде |
|
30800 |
23885 |
29420 |
||||
Экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін 1,2 коэффициентін есепке алғанда |
||||||
34166 |
33951 |
29620 |
30662 |