Көшені қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 20 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 3986 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және Ақкемер ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 14.03.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ақкемер ауылдық округі Ақкемер ауылының Бейбітшілік көшесі Қонақбай Назаров көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Ибрашевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақкемер ауылдық округінің әкімі Т.Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады