Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 5356 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңыны 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақкемер ауылдық округінің әкімі Р.Ибрашев

  Мұғалжар ауданы
  Ақкемер ауылдық округі әкімінің "14" наурыздағы 2017 жылғы шешіміне қосымша

Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1) 2010 жылғы 26 мамырдағы № 7 "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Ақкемер ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-126 болып тіркелген, 2010 жылдың 23 маусымында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешімінде:
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және Ақкемер ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      2) 2010 жылғы 26 мамырдағы № 8 "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Көтібар батыр ауылының көше атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-127 болып тіркелген 2010 жылдың 23 маусымында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешімінде:
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және Көтібар батыр ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      3) 2010 жылғы 26 мамырдағы № 9 "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Жарық ауылының көше атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-128 болып тіркелген 2010 жылдың 23 маусымында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешімінде:
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына және Жарық ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      4) 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 30 "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Көтібар батыр ауылының көше атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-136 болып тіркелген 2011 жылдың 23 ақпанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде және мәтінінде "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және Көтібар батыр ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      5) 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Жарық ауылының көше атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-137 болып тіркелген аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешімінде:
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және Жарық ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      6) 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26 "Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көшесінің атауын қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-149 болып тіркелген 2011 жылғы 12 қазанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде "Аккемирского района" сөздері "Аккемирского сельского округа" сөздерімен ауыстырылсын;
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес ауыл халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      7) 2011 жылдың 29 желтоқсандағы № 47 "Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Ақкемер, Көктөбе, Елек ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-162 болып тіркелген 2012 жылдың 9 ақпанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
      8) 2014 жылдың 31 шілдедегі № 20 "Көшені қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3986 болып тіркелген 2014 жылдың 21 тамызында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінде:
      орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына сәйкес және Ақкемер ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады