Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округіндегі "Даража" шаруа қожалығы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 3987 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімінің 24.12.2014 № 7 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық испекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық испекторының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 1-26/299 ұсынысының негізінде Ащысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округіндегі «Даража» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Калдыгуловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ащысай ауылдық округінің әкімі

М. Изтурганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады