Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы 145 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3757 тіркелген, 2014 жылы 31 қаңтарда "Темір" газетінің № 6 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1) 17 тармақтағы "1) -5) тармақшаларында" деген сөздер "1) -7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18 тармақтағы "6) тармақшасында" деген сөздер "8) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Н.ОРАЗҒҰЛОВ | Н.ӨТЕПОВ |