Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 17.06.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 "Темiр ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3788 тіркелген, 2014 жылы 14 наурызда "Темір" аудандық газетінің № 13-14 жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Ізбасовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Б.Қаниев |