Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 7188 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 тіркелген бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 "Темір ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3788 тіркелген, 2014 жылғы 14 наурызында аудандық "Темір" газетінде жарияланған);

      2) Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 193 "Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 "Темiр ауданының мемлекеттiк жалдау үйлерiнде жалдау ақысының мөлшерiн белгiлеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3976 тіркелген, 2014 жылы 6 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі
      Ж. Батырхан

  2020 жылғы 17 маусымы № 119
  Темір ауданы әкімдігінің
  қаулысына қосымша

Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;

      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге).

      Тұрғынжайдың жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Пайдалануды, тұрғынжайды ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:

      Р= Гз /12/ п

      мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);

     


      п – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғынжайдың жалпы алаңының сомасы (шаршы метр).

      1) он алты пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шұбарқұдық кенті, Астана көшесі, №40 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р

      Ц = 134 540 000 теңге/1032,58 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 130 294,9 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 130 294,9/50/12+0=217 теңге айына 1 шаршы метрге;

      2) бір пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шұбарқұдық кенті, Қызылжар-3 мөлтек ауданы, №629 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц = 4 327 000 теңге/77,2 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 56 049,2 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 56 049,2 /50/12+0=93,4 теңге айына 1 шаршы метрге;

      3) бір пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шұбарқұдық кенті, Жастар көшесі, № 33Б үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц = 4 375 000 теңге/119,3 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 36 672,2 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 36 672,2 /50/12+0=61,1 теңге айына 1 шаршы метрге;

      4) бір пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайлары: Шұбарқұдық кенті, Астана көшесі, № 16, №17, №18, №19, №20, №21, №22, №23, №24, №25, №26, №27, №28, №29, №30 үйлер; Шұбарқұдық кенті, Қызылжар мөлтек ауданы,

      № 6/2 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р

      Ц = 113 795 000 теңге/1127,1 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 100 962,6 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 100 962,6 /50/12+0=168,2, теңге айына 1 шаршы метрге;

      5) бір пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайлары: Шұбарқұдық кенті, Қызылжар-2 мөлтек ауданы, № 48Б үй; Шұбарқұдық кенті, Астана көшесі, № 1В, № 1Д үйлер.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц = 22 649 000 теңге/225,42 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 100 474,66 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 100 474,66 /50/12+0=167,4 теңге айына 1 шаршы метрге;

      6) бір пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайлары: Қопа ауылы, Т.Ержанова көшесі, №17, №16 үйлер.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц = 14 908 000 теңге/150,28 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 99 201,49 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 99 201,49 /50/12+0=165,3 теңге айына 1 шаршы метрге;

      7) бір пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шұбарқұдық кенті, Ақтас көшесі, № 13/2 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц = 4 000 000 теңге/75,3 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 53 120,8 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 53 120,8/50/12+0=88,5 теңге айына 1 шаршы метрге;

      8) бір пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шұбарқұдық кенті, Жамбыл көшесі, №75 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц = 3 797 933 теңге/63,4 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 59 904,3 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т = 50 жыл;

      Р = 0

      A = 59 904,3 /50/12+0=99,8 теңге айына 1 шаршы метрге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады