Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 "Темiр ауданының мемлекеттiк жалдау үйлерiнде жалдау ақысының мөлшерiн белгiлеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 193 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 шілдеде № 3976 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 17.06.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 "Темiр ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3788 тіркелген, 2014 жылы 14 наурызда "Темір" аудандық газетінің № 13-14 жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Ізбасовқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкімі

Б.Қаниев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады