Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 17.06.2020 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімінің 16.07.2014 № 193 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).1. Темiр ауданының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға берiлетiн үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшiн ай сайынғы жалдау ақы мөлшерi 1 шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Ізбасовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Б.Қаниев |
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 03 ақпандағы № 27 қаулысына қосымша |
Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері
Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
1) 2011 жылы салынған 1 үйдің сметалық құны - 4 034 111 тг
Ц - 2011 жылғы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы
метрінің құны - 70 000 тг
Е - тұрғын үйдің жалпы аумағы - 75 ш.м.
Т - ғимараттың есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г - 2011 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және
ағымдағы жөндеудің шығын сомасы - 40 341 тг
Р - тұрғын үйдің күтіп-ұстауға қажетті төлемдер
сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 3 361,75 тг
А - үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері
(айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 103,1 тг
Есептеу формуласы:
2011 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г/12/Е
Р=40 341 /12/75=44,8
А=Ц/Т/12+Р
А=70 000/100/12+44,8=103, 1 теңге
2) 2012 жылы салынған 1 үйдің сметалық құны - 5 100 000 тг
Ц - 2012 жылғы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы
метрінің құны - 70 000 тг
Е - тұрғын үйдің жалпы аумағы - 75 ш.м.
Т - ғимараттың есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г - 2012 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және
ағымдағы жөндеудің шығын сомасы - 51 000 тг
Р - тұрғын үйдің күтіп-ұстауға қажетті төлемдер
сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 4 250 тг
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері
(айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 115 тг
Есептеу формуласы:
2012 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г/12/Е
Р=5 1000/12/75=56,7
А=Ц/Т/12+Р
А=70 000/100/12+56,7=115 теңге
3) 2013 жылы салынған 1 үйдің сметалық құны - 5 200 000 тг
Ц - 2013 жылғы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы
метрінің құны - 70 000 тг
Е - тұрғын үйдің жалпы аумағы - 75 ш.м.
Т - ғимараттың есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г - 2013 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы
жөндеудің шығын сомасы - 52 000 тг
Р - тұрғын үйдің күтіп-ұстауға қажетті төлемдер
сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 4 333 тг
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері
(айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 116, 13 тг
Есептеу формуласы:
2013 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г/12/Е
Р=5 2000/12/75=57,8
А=Ц/Т/12+Р
А=70 000/100/12+57,8=116 теңге 13 тиын