Темір ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 223 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4186 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 маусымдағы № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 08.06.2016 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Темір ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Е.БАЛБОСЫНОВ Н.ӨТЕПОВ

  Аудандық мәслихаттың
  2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 223 шешіміне қосымша

Темір ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары


р/с
Елді мекендердің
атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар
өткізілетін орындар
1
Ақсай ауылы
Төсбұлақ көшесіндегі ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң
2
Алтықарасу ауылы
Қарабас көшесіндегі ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң
3
Кеңқияқ ауылы
Парк көшесіндегі ауылдық Мәдениет үйінің алдындағы алаң
4
Қопа ауылы
Саябақ көшесіндегі Қопа ауылдық клубының алдындағы алаң
5
Құмқұдық ауылы
Мектеп көшесіндегі Қайыңды ауылдық клубының алдындағы алаң
6
Саркөл ауылы
Мектеп көшесіндегі Саркөл ауылдық клубының алдындағы алаң
7
Тасқопа ауылы
Астана көшесіндегі №40 үйдің оң жаңындағы алаң
8
Темір қаласы
С.Байішев көшесіндегі Темір қалалық клубының алдындағы алаң
9
Шұбарқұдық кенті
Қызылжар мөлтек ауданындағы Орталық стадионның алдындағы алаң
10
Шұбарши кенті
Геологтар көшесіндегі спорттық алаңның аумағы
11
Шығырлы ауылы
Ә.Молдағұлова көшесіндегі Шығырлы ауылдық клубының алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады