Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 490 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Темір ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Темір аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 223 "Темір ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4186 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
А. ЕСМАҒАМБЕТОВ | Б.ІЗБАСОВ |
Темір аудандық мәслихатының | |
2016 жылғы 8 маусымдағы № 22 шешіміне қосымша |
Темір ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
2. Жиналыстар, митингiлер және пикеттер өткізілетін орын:
Шұбарқұдық кенті, Қызылжар мөлтек ауданында орналасқан футбол алаңы алдындағы аумағы.
3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесінен бастап, Кереев көшесіне дейінгі Гагарин көшесі бойымен.
4. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) Темір ауданы әкімдігінің келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерінiң басқа ережелерін бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
8) алколгольдік немесе есірткімен масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар, басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.
8. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбы бойынша сөздер, қысқа ұрандар айтуға жол беріледі.
9. Пикетті өзге түрде (митинг, жиналыс, шеру) жалғастыру үшін Темір ауданы әкімдігінің белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылса, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Темір ауданы әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады.
11. Темір ауданы әкімдігі өкiлiнiң заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдарымен жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.