Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде № 3975 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округінің әкімінің 15.05.2015 № 6 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 2 шілдедегі шығыс № ВО 3-4/161 ұсынысы негізінде, Қараой ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қараой ауылдық округінің Құбасай елді мекенінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Қараой ауылдық округінің әкімі С.Жумангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады