Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 86 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 шілдеде № 3978 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 110 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің әкімінің 03.04.2015 № 110 хаты).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 шілдедегі № ВО 3-4/161 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ойыл ауылдық округінің Доброво қыстағындағы "Ерұлан" шаруа қожалығы аумағында ауылшаруашылығы жануарлары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округі әкімінің м.а С. Нугыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады