Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Хромтау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие.
Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 112 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3623 санымен тіркелген, "Хромтау" газетінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 48 (8535) санымен жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
А.Егізбаев | Д.Молдашев |