2014 жылға Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 05 маусымдағы № 157 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 маусымда № 3944 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 08.12.2014 № 452 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 08.12.2014 № 452 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1 тармақшасын басшылыққа ала отырып Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 123 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аспеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Аудан әкімінің м.а.

С. Шильманов


Хромтау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 05 маусымдағы
№ 157 қаулысына № 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
 

Тұрғылықты жердің атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны (адам)

1

Хромтау қаласы және ауылдық елді мекендер

280


Барлығы

280

   


Хромтау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 05 маусымдағы
№ 157 қаулысына № 2 қосымша

Бір айдағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
 

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны
( теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар (бөбекжай, орталықтар)

Шағын орталықтар

Балалар жарты күн болатын

Балалар толық күн болатын

Хромтау қаласында және ауылдық жерде орналасқан

1 топтан 3 топқа дейін

23312



4 топтан 5 топқа дейін

21258



6 топтан 7 топқа дейін

20441



8 топтан 9 топқа дейін

16796



10 және одан да көп топтарға дейін

19875



   

       Ескертпе: коммуналдық қызмет төлемдері (салқын су, ыстық су және арналық кәріз қызметтері үшін ақы төлеу; электр энергиясы үшін; коммуналдық қызметтердің ақысын уақытында төлемеген кездегі өсімдер үшін) отын сатып-алу, жанар-жағар май және қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлем төлеу, мемлекеттік баж салығы, салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер нақты шығындар бойынша өтеледі.
 


Хромтау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 05 маусымдағы
№ 157 қаулысына № 3 қосымша

Хромтау қаласындағы және ауылдық елді мекендердегі бір тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері
 

Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге)

9-10.5 сағатты болу ұзақтығымен

12 сағатты болу ұзақтығымен

Бөбек бақша



Балабақша

350

400

Шағын орталықтар



   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады