2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 17 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 4168 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің 30.06.2015 № 16 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргүізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шалқар ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Шалқар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Данағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады