Қауылжыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 14 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 33 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 желтоқсанда № 4089 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      1. Қауылжыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 14 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-113 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 шілдедегі «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын.
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қауылжыр ауылдық округінің әкімі

Ғ. Қобыландин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады