Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 20.08.2014 № 324 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы "Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" N 401 қаулысына (Алматы облысы әділет департаментінде 2012 жылдың 28 желтоқсанында нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2273 тіркелген, 2013 жылғы 10 қаңтарындағы "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің N 3-4 сандарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
преамбуладағы "Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабындағы 4–тармақ" деген сөздері "Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 1-тармағына" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Облыс әкiмi А. Мұсаханов