"Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қарашада № 9913 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 662 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 31.12.2015 № 662 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 49-4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8406) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау, заңнама, заңға тәуелді актілер, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменттері осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің        
2014 жылғы 20 қарашадағы  
№ 325 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің        
2013 жылғы 9 сәуірдегі    
№ 120 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесi (бұдан әрі – Әдiстеме) бағаланатын орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық қамтамасыз етілуіндегі қызметінің тиімділігін айқындауға арналған.
      2. Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құқықтық қамтамасыз етілуінің тиімділігін бағалауды (бұдан әрі – Бағалау) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жүргізеді.
      Уәкілетті органға қатысты бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
      Бағалауды жүргізу үшін Уәкілетті орган лауазымды адамдар арасынан Жұмыс тобын құрады.
      3. Бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесіне (бұдан әрі – Бағалау кестесі) сәйкес есептiк (күнтiзбелiк) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      4. Бағалау жүргізу үшін ақпаратты Бағалау кестесіне сәйкес Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, орталық мемлекеттік органдар Уәкілетті органға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері аппараттары облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әділет органдарының аумақтық бөлімшелеріне электрондық және қағазжеткізгіштерде ұсынады.
      5. Бағалау Уәкілетті органның деректерінің негізінде, сондай-ақ Әдістеменің 1-7-қосымшасына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      6. Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) бағалау нәтижелері туралы қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
      7. Премьер-Министрдің Кеңсесі дайындаған Уәкілетті органды бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
      8. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындалады.

2. Бағалау жүргізу әдістемесі

      9. Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы;
      2) нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) құқықтық мониторингі;
      3) мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау.
      10. Әрбір критерий бойынша көрсеткіштер анықталады, оларға сәйкес тиісті балл қойылады. Критерийлер мен көрсеткіштердің әрқайсысының мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның құқықтық қамтамасыз етілу тиімділігін бағалау үшін осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес тиісті балы болады.
      Балл мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етілуі бойынша критерийлердің маңыздылығы дәрежесін ескере отырып қойылған.
      11. «Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығарушылығы қызметінің сапасы» критерийін бағалау кезінде:
      1) заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген заң жобаларын әзірлеу және енгізу, Жарлықтардың және Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеу және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу, заңнамалық актілерді қабылдауға қажетті іске асыруда заңға тәуелді актілерді қабылдау мерзімдерді сақтау;
      2) Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу кезінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасына байланысты, прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған Уәкілетті орган тіркеген НҚА үлесі) ескеріледі.
      12. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» критерийін бағалау кезінде:
      1) жүргізілген НҚА мониторингі нәтижелері бойынша қолданылған шаралар;
      2) прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі) ескеріледі.
      13. «Мемлекеттік органның наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау» критерийін бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер:
      1) «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылған, ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;
      2) «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылған, ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;
      3) «Мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі» ескеріледі.

3. «Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма
шығармашылығы қызметінің сапасы» өлшемі бойынша бағалау

      14. Осы өлшем бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

К1=Р1+Р2

      мұнда К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органды/Уәкілетті органды бағалау;
      Р1 – «Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген заң жобаларын әзірлеу және енгізу, Жарлықтар мен Үкімет қаулылары жобаларын әзірлеу және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізу, заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны уақтылы қабылдау мерзімдерін сақтау» көрсеткіші;
      Р2 – «Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА үлесі)» көрсеткіші.
      Осы өлшем бойынша ең жоғары мәнді 50 балл құрайды.
      15. «Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген заң жобаларын әзірлеу және енгізу, Жарлықтар мен Үкімет қаулылары жобаларын әзірлеу және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізу, заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны уақтылы қабылдау мерзімдерін сақтау» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:

Р1= (к1*(1-а/в))+(к2*(1-с/d))

      мұнда Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
      k1 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
      k2 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
      а – Заң жобалау жұмыстарының жоспарында ұсыну мерзімдерін мемлекеттік орган бұзған заң жобаларының саны;
      c – уақтылы қабылданбаған (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне енгізілген) және (немесе) қабылданбаған заңға тәуелді НҚА саны;
      b – Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленген заң жобаларының жалпы саны;
      d - есептік кезеңде мемлекеттік орган/Уәкілетті орган қабылдауға тиіс (ПМК-ге енгізілген) заңға тәуелді НҚА жалпы саны.
      Осы өлшем бойынша жергілікті атқарушы органдарды бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

Р1= (к2*(1-с/d))

      Ескерту: Бағаланатын кезеңде мемлекеттік органдар заң жобаларын және Заңды іске асыруда мақсатында заңға тәуелді актілердің әзірлемеген жағдайда 5 балға тең орташа үлестік мән қойылады.
      16. Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген мерзімдерді сақтау болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында Заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесіне сәйкес заң уақтылы әзірлеу және енгізу, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне айдың бірінші күніне дейін, Үкіметке айдың 20 дейінгі мерзімде, Парламенттің қарауына Заң жобалау жұмыстары жоспарында белгіленген айдын соңғы күніне дейінгі мерзімде енгізу ұғынылады.
      Заңнамалық актілерді іске асыруда заңға тәуелді НҚА-ны әзірлеу (енгізу және қабылдау) мерзімдерін сақтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде көзделген мерзімдерге сәйкес белгіленеді (бұдан әрі – Регламент).
      17. Регламенттiң 85-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар ұсынатын ай сайынғы есептік ақпарат көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
      Заңға тәуелді НҚА бойынша Премьер-Министрдің өкімдерімен бекітілетін Заңнамалық актілерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарлары ақпарат көзі болып табылады.
      18. Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның осы көрсеткіш бойынша қызметін бағалау барысында заңға тәуелді НҚА саны, оларды уақтылы әзірлеу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерімен бекітілетін Заңнамалық актілерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларында көзделген мерзімдерде енгізу және қабылдау мәніне тексеріледі.
      19. «Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілер жобаларының НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА үлесі)» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:

Р2=к* (1-а/в)

      мұнда Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – алынған нәтижелерді 40-қа тең болатын үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – әділет органдарының заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА қайтарылған Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобаларының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА саны);
      b – заң сараптамасына келіп түскен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары жобаларының, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге келіп түскен НҚА жалпы саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, сондай-ақ есептік кезеңде тіркелген НҚА жалпы саны).
      Бағаланатын кезеңде қабылданған, прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібінде өзгертілген не күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының санына прокурорлық ден қою актілерін енгізгенге не тиісті сот талқылауы басталғанға дейін сәйкестендіру бойынша шаралар қабылданған (анықтау туралы хат жіберілген не жоба әзірленген) актілер есепке алынбайды.

4. «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемі бойынша бағалау

      20. Осы өлшем бойынша бағалау мынадай формуламен есептеледі:

К2=Р1+Р2

      мұнда К2 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органды /Уәкілетті органды бағалау;
      Р1 – «Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші;
      Р2 – «Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі)» көрсеткіші;
      Осы өлшем бойынша ең жоғары мәнді 25 балл құрайды.
      21. «Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар» көрсеткішінің мәні мынадай формуламен есептеледі:

P1= (а-(b-c))/a*100%

      мұнда a – құқықтық мониторинг жүргізілген, реттелетін саладағы НҚА-ның жалпы саны;
      b – қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалар анықталған НҚА саны;
      с – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен сәйкес келтірілген НҚА-ның саны;
      заңнамалық актілер бойынша: Заң жобалау жұмыстарының жоспарына (Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы) тиісті заң жобаларын қосу, тиісті заң жобаларын әзірлеу, басқа заң жобалары шеңберінде пысықтау арқылы оларды сәйкес келтіру бөлігінде шаралар қабылданған, құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен заңнамалық актілердің саны;
      мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА бойынша - әділет органдарында тіркелген НҚА-ның, сондай-ақ күші жойылған деп танылған және күші жойылған актілердің саны;
      Үкімет қаулыларының және Жарлықтардың жобалары бойынша – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен қабылданған заңға тәуелді НҚА-ның саны.
      Көрсеткіш бойынша балдар мынадай шкаламен беріледі:
      100% - 15 балл;
      81-99,9% - 10 балл;
      61-80% - 5 балл;
      60% төмен - 0 балл.
      22. Бағаланатын мемлекеттік органдар тиісті шараларды қабылдамаған және (немесе) құқықтық мониторинг барысында анықталған актілерді сәйкестікке келтірмеген жағдайда осы өлшем бойынша балдардың мәні 0-ге тең болады.
      Құқықтық мониторинг барысында анықталған саннан 50% аз сәйкестікке келтірген жағдайда осы формула бойынша есептелген балдан 7.5 балл шегеріледі.
      Ескертпе:
      Мынадай:
      1) мемлекеттік орган бағаланатын кезеңнің қарашасында (желтоқсанында) қайта ұйымдастырылған;
      2) бағаланатын кезеңнің қарашасында-желтоқсанында заңнама (заңдар) өзгертілген;
      3) ҚР Үкіметінің Регламентіне сәйкес, егер заңнамалық актіде нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімі көзделген заңнама (заңдар) өзгертілген айрықша жағдайларда құқықтық мониторинг барысында анықталған актілер заңнамаға сәйкестікке келтірілмеген деп есептелмейді (сәйкестікке келтірілген деп есептеледі).
      Бұл жағдайларда бағаланатын мемлекеттік орган:
      Мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА бойынша – әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге тиісті актілерді заң қабылданған кезден бастап екі айлық мерзімде жіберуі;
      Үкімет қаулыларының және Жарлықтардың жобалары бойынша - заң қабылданған кезден бастап екі айлық мерзімде тиісті нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеуі және ПМК енгізуі;
      заңнамалық актімен қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімі көзделген НҚА үшін – ҚР Үкіметінің Регламентіне сәйкес олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын жіберуі керек.
      23. Құқықтық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар/Уәкілетті орган ұсынған талдамалық анықтамалар, Уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдардың және мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ Заң шығару институтының ақпараты көрсеткішті бағалауға арналған ақпарат көзі болып табылады.
      24. Қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормалардың, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалардың артық болуы анықталған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 10-ға тең балл қойылады.
      Уәкілетті орган, мемлекеттік орган жүргізген құқықтық мониторингтің қайта тексеру нәтижелері бойынша қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген нормаларды, соның ішінде коллизияларды, олқылықтарды, артық бланкеттік және сілтеме нормаларды қамтитын НҚА анықталған жағдайда, Р1 «Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар» көрсеткіші бойынша қосымша 5 айыптық балл шегеріледі.
      25. «Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі)» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:

P2= к*(1 – a/b)

      мұнда Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – алынған нәтижелерді 10-ға тең үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күшін жойған актілер бойынша мемлекеттік органның НҚА саны (Уәкілетті орган үшін – Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп таныған заңдардың саны, сондай-ақ Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған) прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күшін жойған НҚА саны);
      b – мемлекеттік орган әзірлеген (қабылдаған) қолданыстағы НҚА-ның жалпы саны (негізгі актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін НҚА-ны қоспағанда).
      26. Осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес «Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі» көрсеткішіне есептік кесте бойынша прокуратура және сот органдарының актілері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары, әділет және прокуратура органдарының тоқсан сайын жүргізетін салыстыру актілері, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарын қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардың жауаптары, бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараты ақпарат көзі болып табылады.
      27. Прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері, әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күшін жойған НҚА болмаған жағдайда көрсеткіш бойынша 10-ға тең балл қойылады.

5. «Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау» өлшемі бойынша бағалау

      28. «Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау» өлшемі бойынша бағалау осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.
      Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәнді 25 балл құрайды.
      29. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

К3=Р1+Р2+Р3,

      мұнда:
      Р1 – «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылған, ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;
      Р2 – «Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылған, ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткіші;
      Р3 - «Мемлекеттік бюджетке әсер ету тиімділігі» көрсеткіші.
      30. «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылған, ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:

      мұнда:
      k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті (бұл критерий бойынша коэффициент 10 тең);
      а – есептік кезеңде шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың саны (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
      b – есептік кезеңде шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың саны (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
      с – есептік кезеңде мемлекеттік орган бастамашылық жасаған талап қоюлардың жалпы саны.
      Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған талап қоюлар бойынша жүргізілген істер болмаған жағдайда (олар бойынша шешімдер есептік жылда күшіне енген), берілген көрсеткіш бойынша 10 балл беріледі.
      31. «Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың үлесі» көрсеткішінің мәні мынадай формуламен анықталады:

      мұнда:
      k – алынған нәтижелерді өлшемдік мәнге келтіру коэффициенті (бұл критерий бойынша коэффициент 10 тең);
      а – есептік кезеңде шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша қанағаттандырылған талап қоюлардың саны (оның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
      b – есептік кезеңде шешімдері заңды күшіне енген, мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған істер бойынша ішінара қанағаттандырылған талап қоюлардың саны (соның ішінде, қадағалау сатысындағы сотта қаралғандар);
      с - есептік кезеңде мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған талап қоюлардың жалпы саны.
      Мемлекеттік органға қарсы бастамашылық жасалған талап қоюлар бойынша жүргізілген істер болмаған жағдайда (олар бойынша шешімдер есептік жылда күшіне енген), берілген көрсеткіш бойынша 10 балл беріледі.
      32. «Мемлекеттік бюджетке ықпал ету әсері» көрсеткішінің мәні мынадай формуламен есептеледі:

Р3 = а/b

      мұнда:
      Р3 – берілген көрсеткіштің мәні;
      а – мемлекет пайдасына берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы;
      b – мемлекетке қарсы берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы.

      Мемлекеттік бюджетке ықпал ету әсерінің көрсеткіші бойынша балдар мынадай шкала бойынша 0-ден 5-ке дейін бағаланады:

Қатынас көрсеткіші

Балдар

1 кем

0

1-ден 2-ге дейін

0,5

2-ден 5-ке дейін

1

5-тен 10-ға дейін

2

10-нан 50-ге дейін

3

50-ден 200-ге дейін

4

200-ден бастап және одан жоғары

5

      Егер:
      1) а = 0 болса, – берілген көрсеткіштің мәні 0-ге тең;
      2) b = 0 болса, – берілген көрсеткіштің мәні 5-ке тең;
      бір мезгілде а = 0 және b = 0 болған кезде берілген көрсеткіштің мәні 5-ке тең.
      33. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде, орталық мемлекеттік органдардың (ведомстволық бағынысты ұйымдарды есепке алмағанда) осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес ұсынатын есептік ақпараты Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген, сондай-ақ орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 4-тармағында көзделген өзге де көздер «Мемлекеттік органдардың наразылық-талап қою жұмысы» өлшемін бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.
      34. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талап қоюлар бойынша осы Әдістемеде көрсетілген өлшемдер бойынша жүргізіледі.
      Ескертпе:
      Есепке алынбайды:
      мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы мемлекеттік орган бастамашылық жасаған, жеткізушілердің талап қоюына негіз болған себептерді жоюмен байланысты ішінара қанағаттандырылған/ қанағаттандырылмағандар азаматтық істер;
      орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің азаматтық істері;
      Министрліктердің азаматтық істері:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттерін орындау үшін тиісті жауапкер ретінде тартылатын Қаржы министрлігінің, көрсетілген істер бастапқыда процесстің қатысушысы болып табылатын мемлекеттік органға есептеледі (Қаржы министрлігі осындай процесстерде бастапқыда талапкер болған жағдайларды қоспағанда);
      2) «Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» 013 бюджеттік бағдарлама бойынша әкімші ретінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің.
      Бұл ретте, көрсетілген істер бойынша ақпарат ұсынылуы тиіс.

6. Қорытынды бағалау

      35. Мемлекеттік органдар үшін қорытынды бағалау мынадай формула бойынша анықталады:

О=К1+К2+К3

      мұнда О – құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігі бойынша мемлекеттік органды қорытынды бағалау;
      К1 – «Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы» өлшемі бойынша бағалау;
      К2 – «НҚА-ның құқықтық мониторингі» өлшемі бойынша бағалау;
      К3 – «Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау» өлшемі бойынша бағалау.
      Жүргізілген бағалаудың қорытындысы бойынша рейтингтегі орынды әділ анықтау мақсатында, бағаланатын кезеңде атқарылған жұмыстың көлемін ескере отырып (заң жобаларын, заңға тәуелді актілерді әзірлеу, жүргізілген істер), балл осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік органдардың/уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы» (К1) өлшемі бойынша қойылған балдар бойынша түзету коэффициенттерін қолдану арқылы қойылады.
      Түзету коэффициенттерін қолданған жағдайда өлшем ішіндегі қорытынды балл өлшем бойынша жоғарғы баллдан аспауы тиіс.
      36. Бағалау нәтижесінің қорытындысы:
      бағаланатын мемлекеттік органның атауын;
      барлық өлшемдер бойынша бағалау кестесін;
      өлшемдер бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін талдауды;
      тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.
      37. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігінің жоғарғы дәрежесін «Құқықтық қамтамасыз ету» бағыты бойынша анықтау мақсатында қорытынды бағалау 100 баллға тепе-тең есептеледі, онда мемлекеттік органның тиімділігінің жоғарғы дәрежесі 90-нан бағалау 100-ге дейінгі балдардың көрсеткішіне сәйкес келеді, орташа дәреже – 70-тен 89,99-ға дейінгі балдар, төменгі дәреже - 50-ден 69,99-ға дейінгі балдар. Бағалау нәтижелері бойынша 50-ден төмен балл алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз болып танылады.

7. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік органдарды бағалау

      38 Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, осы мемлекеттік органды бағалау құқықтық мирасқор-мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және құқықтық мирасқор-мемлекеттік органның қорытынды баллын есептеу кезінде ескеріледі.
      39. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, осы органды бағалау жүзеге асырылмайды.
      40. Бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау құқықтық мирасқор-мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріледі.

8. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      41. Бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі Бағалау жүйесінің
6-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
      42. Бағалау нәтижелерін алған күннен бастап бағаланатын мемлекеттік орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға растайтын құжаттармен бірге қарсылықтарын жолдайды.
      Бағалау нәтижелеріне қарсылықтар болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган қорытыңдыны алған күннен бастап бес күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарламаны ұсынады. Белгіленген мерзім аяқталған соң бағаланатын мемлекеттік органдардың қарсылықтары қабылданбайды.
      43. Шағымдану рәсімін өткізу үшін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда Арнайы комиссия құрылады, оның құрамына қарсылық білдірген мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кірмейді. Арнайы комиссияның саны мен құрамын бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес белгілейді, бірақ 5 адамнан кем болмайды.
      44. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттармен бірге қарсылықтарды алған күннен бастап бес күн ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша Келіспеушіліктер кестесін қалыптастырады және арнайы комиссияның қарауына енгізеді (бұдан әрі – Келіспеушіліктер кестесі).
      45. Арнайы комиссия қарсылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің дұрыстығын анықтау бойынша отырыс өткізеді, оған қарсылық білдірген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер шақырылады.
      46. Арнайы комиссия отырыстарының нәтижесі бойынша Келіспеушіліктер кестесі пысықтырылады, арнайы комиссияның төрағасы қол қояды және бағаланатын мемлекеттік органның назарына жеткізіледі.
      47. Бағаланатын мемлекеттік органдардан қарсылықтар алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Сараптама комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға қарсылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыны жолдайды. Қарсылықтарды қабылдаған жағдайда бір уақытта мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы түзетілген қорытынды жолданады.
      48. Қарсылықтарды қабылдау немесе қабылдамау туралы бағалауға уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

9. Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпаратты ұсынуы

      49. Бағаланатын мемлекеттік орган Уәкілетті органға/Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Әдістеменің 3 және 4-қосымшаларына сәйкес Бағалау кестесінде белгіленген мерзімдерде толық және дәйекті есептік ақпаратты ұсынады.
      Есептік ақпарат кеш, толық емес немесе дәйексіз ұсынылған жағдайда, мемлекеттік органның қорытынды бағалауынан осы бағыт бойынша сөгістің әрбір түрі үшін айыптық балдар шегеріледі.
      50. Уәкілетті органға Бағалау кестесінде көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.
      Мемлекеттік органның кешіктірілген есептік ақпаратты ұсынғаны үшін 1,5 айыптық балды шегеру көзделеді.
      51. Әдістеменің қосымшаларына сәйкес есептік ақпарат құрылымының белгіленген талаптарында көзделген элементтер (қосымшалар, бөлімдер, тараулар, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және басқалар) болмайтын есептік ақпарат толық емес деп танылады.
      Мемлекеттік органның толық емес есептік ақпаратты ұсынғаны үшін 2 айыптық баллды шегеру көзделеді.
      52. Қайта тексеру барысында шындыққа сәйкес келмейтін фактілер анықталған есептік ақпарат дәйексіз деп танылады.
      Көрсетілген фактілер бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша жасалатын 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз етімдінің тиімділігін бағалау үшін Уәкілетті органға ұсынылатын салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.
      Мемлекеттік органның дәйексіз есептік ақпарат ұсынғаны үшін әрбір тіркелген факті үшін 0,2 айыптық баллды шегеру көзделеді. Дәйексіз ақпаратты ұсынғаны үшін шегерілетін айыптық балл сомасы 5 баллдан аспауы тиіс.
      Анықталған фактілер бойынша ақпарат мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындының «Тұжырымдар мен ұсыныстар» бөлімінде көрініс табады.

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін 
бағалау әдістемесіне 1-қосымша

Нысан

Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды

__________________________________________________________________(Уәкілетті/мемлекеттік органның атауы есептік кезең)

Бағалау өлшемшарттары

Әрбір өлшемшартты бағалау балы

1

Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы


2

НҚА құқықтық мониторингі


3

Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау


Жалпы бағалау


Бағалау өлшем шарттары бойынша
Уәкілетті/мемлекеттік орган
қызметінің тиімділігін талдау:

Тұжырымдар мен ұсыныстар:

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы/Уәкілетті
органның Жауапты хатшысы __________ _________________________________
                           (қолы)     (қойылған қолды ашып көрсету)

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесінің/
Уәкілетті органның тиісті
құрылымдық бөлімшесінің
басшысы                  __________ _________________________________
                           (қолы)     (қойылған қолды ашып көрсету)

      20 __ жылғы «__»_____________

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін 
бағалау әдістемесіне 2-қосымша

Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау өлшемшарттары мен көрсеткіштері

Р/с №

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Үлестік мәні (көрсеткіштерге арналған балдар)

1

Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығармашылығы қызметінің сапасы

50

1.1

Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген, заң жобаларын, заңнамалық актілерді, Премьер-Министр Кеңсесіне Үкіметтің Жарлықтары жобасын және қаулыларын енгізу, заңға тәуелді актілерді қабылдауды іске асыру мен әзірлемелер мен заң жобаларын енгізу мен қабылдау мерзімдерін сақтау

10

1.2

Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған заңға тәуелді актілерж обаларының НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Уәкілетті орган бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу сәтінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасымен байланысты прокурорлық ден қою актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған тіркелген НҚА үлесі

40

2

НҚА-ның құқықтық мониторингі

25

2.1

Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар

15

2.2

Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі (Уәкілетті орган үшін - Уәкілетті орган әзірлеген (қабылдаған), прокурорлық ден қою актілері және (немесе) сот шешімдері, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА үлесі)

10

3

Мемлекеттік органды наразылық-талап қою жұмысы бойынша бағалау

25

3.1

Мемлекеттік органдардың наразылық – талап қою жұмысының нәтижелері бойынша қызметінің тиімділігі

25


БАРЛЫҒЫ

100

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін 
бағалау әдістемесіне 3-қосымша

Нысан

«Прокуратура, сот және әділет органдарының актілері, сондай-ақ
заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша өзгертілген, күші
жойылған НҚА үлесі» көрсеткішіне есептік кесте
___________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Р/с №

Мемлекеттік органның қолданыстағы заңға тәуелді НҚА жалпы саны (негізгі актілерге өзгеріс және толықтыру енгізетін НҚА қоспағанда) (сандық деректер көрсетіледі

Мемлекеттік органның прокурорлық ден қою актілері (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі

Мемлекеттік органның сот шешімдері (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі)

Мемлекеттік органның заңды және жеке тұлғалардың шағымдары (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі)

Мемлекеттік органның әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары (күні, нөмірі) бойынша өзгертілген, күші жойылған НҚА (атауы, нысаны, күні, нөмірі)

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7








      Ескерту: * НҚА – нормативтік-құқықтық актілер
      Мемлекеттік органның
      Жауапты хатшысы/    ___________ _______________________________
      аппарат жетекшісі      (қолы)    (қойылған қолды ашып көрсету)

      Мемлекеттік органның
      заң қызметінің басшысы/
      Уәкілетті орган үшін –
      жауапты құрылымдық
      бөлімшенің басшысы  ___________ _______________________________
                             (қолы)    (қойылған қолды ашып көрсету)

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін  
бағалау әдістемесіне 4-қосымша

Нысан

«Мемлекеттік органның наразылық-талап қою жұмысы бойынша
бағалау» өлшемшарты бойынша есептік ақпарат
_______________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Р/с №

Бірінші сатыдағы соттың атауы

Даудың мәні (заңнама саласын және дауға қатысты қысқаша ақпаратты көрсету)

Мемлекеттік орган дауға талапкер, жауапкер, үшіншітұлға ретінде қатысады

Басқа тараптың атауы және дауда талапкер, жауапкер, үшінші тұлға болып қатысады

Бірінші сатыдағы соттарда істі қарау нәтижесі және күні

Апелляциялық сатыдағы соттың атауы, істі қарау нәтижесі және күні (қажет болған жағдайда толтырылады)

Кассациялық сатыдағы соттың атауы, істі қарау нәтижесі және күні (қажет болған жағдайда толтырылады)

Қадағалау сатысындағы сотың атауы, істі қарау нәтижесі және күні (қажет болған жағдайда толтырылады)

Соттың қорытынды шешімі (заңды күшіне енген) шешімнің күні және заңды күшіне енген күні


1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Мемлекеттік органның
      жауапты хатшысы/      ________ ________________________________
      Аппарат жетекшісі      (қолы)    (қойылған қолды ашып көрсету)

      Мемлекеттік органның
      заң қызметінің басшысы/
      Уәкілетті орган үшін –
      жауапты Құрылымдық
      бөлімшенің басшысы   ________ ________________________________
                            (қолы)    (қойылған қолды ашып көрсету)

      20_ж. «__» _______________

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін  
бағалау әдістемесіне 5-қосымша

Нысан

«Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның «норма шығармашылығы қызметінің сапасы» өлшемшарты бойынша түзету коэффициенттері

Бағаланатын кезеңде мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобаларының саны

Түзету коэффициенті

3-5

1,3

6-9

1,5

10 және одан жоғары

1,7

Мемлекеттік орган әзірлеген заңға тәуелді актілер жобаларының барлық бағаланатын мемлекеттік органдар әзірлеген заңға тәуелді актілердің жалпы санына пайыздық арақатынасы *

Рейтинг бойынша қорытынды балды анықтау үшін коэффициент



7,1 және одан жоғары

1,3

4, 1-7

1,2

1, 1-4

1,1

0-1

1

      Ескертпе: * пайыздық ара қатынас бағаланатын кезеңде барлық мемлекеттік органдар әзірлеген заңға тәуелді актілер жобаларының жалпы санына байланысты жыл сайын шегеріліп отырады.

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін 
бағалау әдістемесіне 6-қосымша

Нысан

Келіспеушіліктер кестесі
_______________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

      ___________________
        (есептік кезең)

р/с №

Уәкілетті органның қорытындысы

Бағаланатын мемлекеттік органның қарсылығы

Шағым жасау қорытындылары бойынша шешім

Ескертпе

1

2

3

4

5






Шағым жасау қорытындыларын есепке алғанда жалпы балл ____ құрады

Комиссия төрағасы,
лауазымы            ___________ _________________________________
                       (қолы)     (қойылған қолды ашып көрсету)

Шағым жасау қорытындыларымен таныстым, қарсылығым жоқ

Мемлекеттік органның өкілі,
лауазымы            ___________ _________________________________
                       (қолы)     (қойылған қолды ашып көрсету)

20 __ ж. «__» _______________

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін 
бағалау әдістемесіне 7-қосымша

Нысан

20 __ жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарды
құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау үшін
_________________________________
(мемлекеттік органның атауы) Уәкілетті органға ұсынылған деректерді салыстыру актісі

Келеңсіздік түрлері

Шегеру балы

1

Мемлекеттік органның есептік ақпаратты уақытылы ұсынбауы


2

Мемлекеттік органның ақпаратты толық ұсынбауы


3

Мемлекеттік органның дәйексіз ақпаратты ұсынуы


Барлығы:


1. Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органның есептік ақпаратты
ұсыну мерзімі: 20 ___ жылғы «____» ____________
Есептік ақпаратты нақты ұсынған күн: 20 ___ жылғы «____» ____________
Шегеру: ______ балды құрайды

2. Толық ақпарат ұсынылмаған, оның ішінде есептік ақпараттың
құрылымына белгіленген талаптарда көзделген мынадай элементтер жоқ
(қосымшалар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және
басқалар):
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
Шегеру: ______ балды құрайды

3. Дәйексіз ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа сай
келмейтін мынадай фактілер анықталды:
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
Шегеру: ______ балды құрайды
4. Дәйексіз ақпарат ұсынылған. Қайта тексеру барысында шындыққа сай
келмейтін мынадай фактілер анықталды:

№ п/п

Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы

Мемлекеттік органның деректері

Нақтыланған деректер


1

1 Өлшемшарт



2

1.1. Көрсеткіш



3

1.2. Көрсеткіш



4

… Көрсеткіш



5

2 Өлшемшарт



6

2.1. Көрсеткіш



7

2.2. Көрсеткіш



8

… Көрсеткіш



Шегеру: ______ балды құрайды
Есептік ақпаратты қайта қарау нәтижелерін есепке алғанда жалпы балл _______ құрайды

Салыстыруды жүзеге асырған
Уәкілетті органның қызметкері _________ _____________________________
                                (қолы)  (қойылған қолды ашып көрсету)

Мемлекеттік органның
Жауапты хатшысы         ___________ _________________________________
                          (қолы)       (қойылған қолды ашып көрсету)

Мемлекеттік органның
заң қызметінің басшысы  ___________ _________________________________
                          (қолы)       (қойылған қолды ашып көрсету)

20 ___ жылғы «____» ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады