Зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 1379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 желтоқсанда № 9999 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 893 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.07.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса ұсынылған зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамалық белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментіне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1379 бұйрығымен  
бекітілді       

Зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті
тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңбері 1. Жалпы ережелер

      1. Зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестендірілген біліктілік деңгейлерді қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 тіркелген).
      2. СБШ бірыңғай біліктілік деңгейлер межесін анықтайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін сала мамандарының біліктілігінің сәйкестігі мен берілгендігін растайтын жүйеге негіз болып табылады.
      3. СБШ-да салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық жағынан сипаттамасы келтіріледі.
      4. СБШ пайдаланушылардың әртүрлі топтарына (жұмыс берушілерге, білім беру органдарына, қоғамдық ұйымдарға) арналған және:
      1) кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен оқу бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
      2) қызметкерлер мен кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге;
      3) нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, мансаптық өсуге әкелетін білім берудің әртүрлі траекториясын жоспарлауға мүмкіндік береді.
      5. СБШ біліктіліктерінде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);
      2) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
      3) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      4) құзыреттер – белгіленген біліктілік деңгейінің кәсіби қызметінде міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін субъекті қызметінің сапасы;
      5) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім және білік.
      6. Зияткерлік меншік және жылжымайтын мүлікті тіркеу салаларындағы СБШ 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша рәсімделген шеңберлік құрылымды ұсынады.
      СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларынан сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
      1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, сондай-ақ кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
      білімнің инновациялығы;
      олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас біліктерінің бірі (кез келгеннің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
      жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дауының беймәлімдігі дәрежесі.
      Бұл көрсеткіш кешенді болып табылады. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгеннің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметтердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және оның мынадай негізгі үш дәрежесі бар:
      басшылықтың қолданыстағы қызметі;
      қызметті өз бетінше орындау;
      басқаларды басқару.
      Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).
      7. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
      8. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және (немесе) практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
      Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
      Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
      Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелерінің ішінде жүргізілетін болады.
      Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
      Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ның 2-қосымшада көрсетілген біліктілікке қол жеткізу корсеткіші бойынша айқындалады.

Зияткерлік меншік және
жылжымайтын мүлікті тіркеу
салаларындағы біліктілік
шеңберіне 1-қосымша  

Зияткерлік меншік және жылжымайтын
мүлікті тіркеу салаларындағы салалық біліктілік шеңбері

Кәсіптік қызмет саласы: Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу

ҰБШ деңгейі

СБШ
деңгейі

Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар

Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

4

4.1

Дербестік: жұмыстарды өндіру кезінде тікелей бақылаудың және/немесе басқарудың астында тапсырмаларды орындау. Тәртіптілік. Дербес оқу қабілеттілігі.
Жауапкершілік: жұмыстын орындалуына, өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілік: жұмыс кезінде әртүрлі жағдайларда жалпықолданыстағы шешімдер тәсілінің негізінде үлгілік технологиялық тапсырмаларды орындау. Тыс жағдайларда практикалық, үлгілік дағдылар әрекеті.

Орта білімнен кейін техникалық және кәсіптік оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, кәсіби тапсырмалар шешімі және оларды қою тәсілдері, принциптері, жолдары туралы білімі.
ҚР «Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы » Заңын білу.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын, қызмет аясында пайдаланылатын кейбір қарапайым аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ олардың қолданылу саласы туралы базалық білім.

4.2.

Дербестік: басшылықпен және басқарманың бақылауымен қызметтің технологиясына сәйкес орындаушы кәсіби қызметтерді жүзеге асыру. Тұрақты практикалық ұйымдастырушылық дағды және таныс жағдайларда өздігінше тиесілі құралда жұмыс атқару.

Күрделілік: жұмыс кезінде әртүрлі жағдайларда жалпықолданыстағы шешімдер тәсілінің негізінде үлгілік технологиялық тапсырмаларды орындау. Тыс жағдайларда практикалық, үлгілік дағдылар әрекеті. Сабақтас жүйелермен технологиялық операцияларды орындау байланысын түсіну.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
ҚР «Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы » Заңын, кәсіби тапсырмалар шешімі және оларды қою тәсілдері, принциптері, жолдары туралы білімі.

5

5.1

Дербестік: Құрылымдық қызметі стратегиясы және технологиялық процесстер учаскесі аясындабасқару қызметі.
Жауапкершілік: жұмыстарды орындаудың нәтижелеріне; өзінің және өзгелердің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілік: стандартты практикалық тапсырмаларды шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекеттердің ішінен әрекет ету әдісін таңдау.
Сабақтас жүйелермен технологиялық операцияларды орындау байланысын түсіну.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Бөлімге жүктелген жұмыстың уақытында орындалуын бақылау, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді (сонымен бірге жұмыс көлемін) бөлумен айналысу, бөлім қызметкерлері орындайтын жұмыстардың сапалылығын бақылау.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
ҚР «Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы » Заңын. Басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін, кәсіби жағдайларды жүйелік жобалау және талдау әдістері туралы білімі. Арнайы (теориялық және практикалық) білім (соның ішінде инновациялық) синтезін және тәжірибе талап ететін әрекеттер.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын, қызмет аясында пайдаланылатын кейбір қарапайым аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ олардың қолданылу саласы туралы базалық білім, үстемелеу және еңбек тәсілдерін білуі.

Кәсіптік қызмет саласы: Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттар беру

4

4.1

Дербестік: жұмыстарды өндіру кезінде тікелей бақылаудың және/немесе басқарудың астында тапсырмаларды орындау. Тәртіптілік. Дербес оқу қабілеттілігі.
Жауапкершілік: жұмыстын орындалуына, өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілік: жұмыс кезінде әртүрлі жағдайларда жалпықолданыстағы шешімдер тәсілінің негізінде үлгілік технологиялық тапсырмаларды орындау. Тыс жағдайларда практикалық, үлгілік дағдылар әрекеті.

Орта білімнен кейін техникалық және кәсіптік оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, кәсіби тапсырмалар шешімі және оларды қою тәсілдері, принциптері, жолдары туралы білімі.
ҚР «Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы » Заңын білу.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын, қызмет аясында пайдаланылатын кейбір қарапайым аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ олардың қолданылу саласы туралы базалық білім.

4.2.

Дербестік: басшылықпен және басқарманың бақылауымен қызметтің технологиясына сәйкес орындаушы кәсіби қызметтерді жүзеге асыру. Тұрақты практикалық ұйымдастырушылық дағды және таныс жағдайларда өздігінше тиесілі құралда жұмыс атқару.
Жауапкершілік: жұмыстын орындалуына, өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілік: жұмыс кезінде әртүрлі жағдайларда жалпықолданыстағы шешімдер тәсілінің негізінде үлгілік технологиялық тапсырмаларды орындау. Тыс жағдайларда практикалық, үлгілік дағдылар әрекеті. Сабақтас жүйелермен технологиялық операцияларды орындау байланысын түсіну.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
ҚР «Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы » Заңын, кәсіби тапсырмалар шешімі және оларды қою тәсілдері, принциптері, жолдары туралы білімі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын, қызмет аясында пайдаланылатын кейбір қарапайым аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ олардың қолданылу саласы туралы базалық білім.

5

5.1

Дербестік: Құрылымдық қызметі стратегиясы және технологиялық процесстер учаскесі аясындабасқару қызметі.
Жауапкершілік: жұмыстарды орындаудың нәтижелеріне; өзінің және өзгелердің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілік: стандартты практикалық тапсырмаларды шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекеттердің ішінен әрекет ету әдісін таңдау.
Сабақтас жүйелермен технологиялық операцияларды орындау байланысын түсіну.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Бөлімге жүктелген жұмыстың уақытында орындалуын бақылау, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді (сонымен бірге жұмыс көлемін) бөлумен айналысу, бөлім қызметкерлері орындайтын жұмыстардың сапалылығын бақылау.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
ҚР «Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы » Заңын білу. Басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін, кәсіби жағдайларды жүйелік жобалау және талдау әдістері туралы білімі. Арнайы (теориялық және практикалық) білім (соның ішінде инновациялық) синтезін және тәжірибе талап ететін әрекеттер.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын; қызмет аясында пайдаланылатын кейбір қарапайым аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ олардың қолданылу саласы туралы базалық білім; үстемелеу және еңбек тәсілдерін білуі.

Кәсіптік қызмет саласы:салықсалу мақсаты үшін кәсіпкерлік қызметтерде қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау

4

4.1

Дербестік: жұмыстарды өндіру кезінде тікелей бақылаудың және/немесе басқарудың астында тапсырмаларды орындау. Тәртіптілік. Дербес оқу қабілеттілігі.
Жауапкершілік: жұмыстын орындалуына, өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілік: жұмыс кезінде әртүрлі жағдайларда жалпықолданыстағы шешімдер тәсілінің негізінде үлгілік технологиялық тапсырмаларды орындау. Тыс жағдайларда практикалық, үлгілік дағдылар әрекеті.

Орта білімнен кейін техникалық және кәсіптік оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
ҚР Салық заңнамасы білу.
ҚР «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңын білу.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын, еңбекті орындау процессінде оның мәні және тиісті атқарушылық әрекеттердің циклі туралы білімдер, кәсіби міндеттерді қою жолдары, принциптері мен әдістері туралы, еңбекке ынталандыру тәсілдері туралы.

4.2

Дербестік: басшылықпен және басқарманың бақылауымен қызметтің технологиясына сәйкес орындаушы кәсіби қызметтерді жүзеге асыру. Тұрақты практикалық ұйымдастырушылық дағды және таныс жағдайларда өздігінше тиесілі құралда жұмыс атқару.
Жауапкершілік: жұмыстын орындалуына, өзінің және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау.
Күрделілік: жұмыс кезінде әртүрлі жағдайларда жалпықолданыстағы шешімдер тәсілінің негізінде үлгілік технологиялық тапсырмаларды орындау. Тыс жағдайларда практикалық, үлгілік дағдылар әрекеті. Сабақтас жүйелермен технологиялық операцияларды орындау байланысын түсіну.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
ҚР Салық заңнамасын білу. ҚР «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңын білу. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын, еңбекті орындау процессінде оның мәні және тиісті атқарушылық әрекеттердің циклі туралы білімдер, кәсіби міндеттерді қою жолдары, принциптері мен әдістері туралы, еңбекке ынталандыру тәсілдері туралы білім.

5

5.1

Дербестік: Құрылымдық қызметі стратегиясы және технологиялық процесстер учаскесі аясындабасқару қызметі.
Жауапкершілік: жұмыстарды орындаудың нәтижелеріне; өзінің және өзгелердің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды орындауға.
Күрделілік: стандартты практикалық тапсырмаларды шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекеттердің ішінен әрекет ету әдісін таңдау.
Сабақтас жүйелермен технологиялық операцияларды орындау байланысын түсіну.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Бөлімге жүктелген жұмыстың уақытында орындалуын бақылау, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді (сонымен бірге жұмыс көлемін) бөлумен айналысу, бөлім қызметкерлері орындайтын жұмыстардың сапалылығын бақылау.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
ҚР Салық заңнамасы білу. ҚР «ҚР бағалау қызметі туралы» Заңын білу.Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын, еңбекті орындау процессінде оның мәні және тиісті атқарушылық әрекеттердің циклі туралы білімдер, кәсіби міндеттерді қою жолдары, принциптері мен әдістері туралы, еңбекке ынталандыру тәсілдері туралы білім.

Кәсіптік қызмет саласы: зияткерлік меншік саласында сараптама жүргізу

5

5.1

Дербестік: Өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру туралы келісімшарттарды алдын-ала, формалды және толық сараптауын жүргізу бойынша міндеттерді орындау барысында дербес (күрделі жағдайларда басшылықпен) жұмыс жасау және жұмыс тапсырмаларын орындау. Дербес (күрделі жағдайларда басшылықпен)жұмыс ұйымдастыру.
Жауапкершілік: өзінің міндеттерін орындағаны үшін.
Күрделілік: жұмыс жағдайларының әртүрлі өзгеріп отыратын шарттарында шешімдердің әдістерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу,  өндірістік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы шет мемлекеттердің заңнамасын білу.
ҚР өнеркәсіп меншігіне құқықтарды қорғауға қатысты халықаралық шарттарын білу, өнеркәсіп меншік құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасын қолданудың сот тәжірибесін білу.

5

5.2

Дербестік:
Өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру туралы келісімшарттарды алдын-ала, формалды және толық сараптауын жүргізу бойынша міндеттерді орындау барысында дербес жұмыс жасау және жұмыс тапсырмаларын орындау. Дербес жұмыс ұйымдастыру.
Жауапкершілік: өзінің міндеттерін орындағаны үшін.
Күрделілік: жұмыс жағдайларының әртүрлі өзгеріп отыратын шарттарында шешімдердің әдістерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
Өндірістік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы шет мемлекеттердің заңнамасын білу.
ҚР өнеркәсіп меншігіне құқықтарды қорғауға қатысты халықаралық шарттарын білу,өнеркәсіп меншік құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасын қолданудың сот тәжірибесін білу.

5.3

Дербестік:
Өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру туралы келісімшарттарды алдын-ала, формалды және толық сараптауын жүргізу бойынша міндеттерді орындау барысында сараптаманы өз бетінше жүргізу, кәсіби қызметтің үлгілік жағдайларында дербес жұмыс жүргізу және тапсырмаларды орындау. Дербес жұмыс ұйымдастыру
Жауапкершілік: өз міндеттерін орындағаны үшін, өзінің және өзгелердің оқуына.
Күрделілік: шешу әдістерінің таңдауын және алуан түрлілігін қамтитын міндеттерді шешуге бағытталған қызмет.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
Өндірістік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы шет мемлекеттердің заңнамасын білу.
ҚР өнеркәсіп меншігіне құқықтарды қорғауға қатысты халықаралық шарттарын білу,өнеркәсіп меншік құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасын қолданудың сот тәжірибесін білу.

6

6.1

Дербестік: кәсіпорын қызметінің стратегиясы шегінде өзге басқармалармен жұмыстарды келісуді қарастыратын басқарушылық қызмет, басқарманың қызметкерлерінің өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды беру туралы келісімшарттарды сараптау жүргізуін бақылау, кәсіпорынның басқа да бөлімшелерімен жұмысты келісуді қарастыратын өнертабыстар мен пайдалы үлгілерге өтінімдер бойынша сараптау және іс-жүргізу шегінде басқарушылық қызмет, басқарма қызметкерлерінің жұмыс тапсырмаларын оырндауын басқару.
Жауапкершілік: басқарманың айтарлықтай өзгерістерге немесе дамуға әкеп соқтыратын қызметін жоспарлауға және әзірлеуге, жұмысшылардың кәсіби деңгейінің жоғарылатуына жауапты.
Күрделілік: шешу әдістерінің таңдауын және алуан түрлілігін қамтитын міндеттерді шешуге бағытталған қызмет.

Жоғары оқу орындарында оқу кезінде алынған практикалық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі кәсіптік білімдерін қолдана білу. Құжаттардың заңнамалық сараптамасын жасау, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды қолдану, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сүйену, өзін ұстау білу және өзіндік тәртіп дағдыларын қолдану.

ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.
Өндірістік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы шет мемлекеттердің заңнамасын білу.
ҚР өнеркәсіп меншігіне құқықтарды қорғауға қатысты халықаралық шарттарын білу,өнеркәсіп меншік құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасын қолданудың сот тәжірибесін білу.

Зияткерлік меншік және
жылжымайтын мүлікті тіркеу
салаларындағы біліктілік
шеңберіне 2-қосымша  

Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші

Біліктілік деңгейі

Тиісті деңгейдегі біліктілікке қолжеткізу жолдары

4

Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе.

5

Техникалық және кәсіби білім (немесе ортадан кейінгі білім), қосымша кәсіби дайындық немесе жекелеген жағдайларда жоғары білім (жекелеген мамандықтар бойынша бакалавриат), практикалық тәжірибе.

6

Жоғары білім, бакалавриат, практикалық тәжірибе.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады