Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.04.2015 № 10-388 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 – бабының 1 – тармағына, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару кодексінің 30 – бабының 1 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 – бабының 2 – тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: қала аумақтарын көріктендіру және тазалау.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Е. Алпысов
"КЕЛІСІЛДІ"
Талдықорған қаласы бойынша
қылмыстық-атқару инспекциясы
бөлімінің бастығы
әділет майоры Лайла Бекежанқызы Сағымбаева
09.04.2014 жыл