Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 13.03.2015 № 6-217 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы "Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін келісу туралы" № 280 шешімінің негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
Е.Алпысов |