Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 6-217 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 19 наурызда № 3101 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 08 желтоқсандағы № 705 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 08.12.2017 № 705 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы "Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін келісу туралы" № 300 шешімінің негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы "Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 29 желтоқсанда № 2981 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2015 жылдың 2 қантардағы № 1 жарияланған) № 38-1355 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Малдыбай Молдабайұлы Қалиевке осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурста, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жариялануын жүзеге асырсын.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Алпысов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы Марат Дәрібекұлы Бопазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады