Молалы поселкелік округі әкімінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы "Молалы поселкелік округі Ғали Орманов ауылындағы аты жоқ көшеге Ғали Орманов және Қараой резъезіндегі аты жоқ көшеге Қараой атындағы көше атауларын беру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Молалы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 ақпанда № 3028 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Молалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Молалы поселкелік округі әкімінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы «Молалы поселкелік округі Ғали Орманов ауылындағы аты жоқ көшеге Ғали Орманов және Қараой разъезіндегі аты жоқ көшеге Қараой атындағы көше атауларын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 13 қаңтарында № 2-4-101 тіркелген, «Ақсу өңірі» газеттінде 2010 жылдың 19 ақпанда № 11 (9474) жарияланған) №1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша «поселкелік округі» сөздері «ауылдық округі» сөздерімен, «поселкелік округінің» сөздері «ауылдық округінің» сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің кіріспесіндегі «4-тармағына» сөздері «4) тармақшасына» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Молалы ауылдық округінің бас маманы Малдыбаева Гулжихан Мелдехановнаға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ауылдық округ әкімі

С. Даутбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады