Алакөл ауданы бойынша жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 40-3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 2967 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 20.07.2016 № 6-4 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 387 – бабының 1 – тармағына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі" № 3-5 шешімімен бекітілген Алакөл ауданының елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, Алакөл ауданы бойынша жер салығының ставкаларын "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 378, 379, 381, 383 – баптарында белгіленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 процентіне жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, заңдылықты сақтау және бюджет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекетік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Атанбеков Б.С
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Сейрбаев Б.Т

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады