Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Жамбыл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-190 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 мамырдағы № 33-231 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 20 мамырда № 2725 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Жамбыл аудаңдық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-190 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда № 2623 тіркелген, 2014 жылы 29 наурызда аудандық "Атамекен" газетінің № 13(5693), 5 сәуірдегі № 14(5694) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды."
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Хажмұқан Ормаханұлы Мырзабековке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алгашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Досмұхамбет

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    С. Жұрын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады