Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай селолық округіндегі Күш ауылының жанында орналасқан 5,2 га жер телімі Күш ауылына қосылып, Күш ауылының шекарасы (шегі) 5,2 га өзгертілсін.
2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы Бекетаевқа және аудандық мәслихатының "Заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Ысқақ |
Аудандық мәслихаттың | |
41-сессиясының төрайымы | А.Газиева |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Ә. Талқамбаев |