Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 11.11.2014. N 41 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 04 маусымдағы № 216 ұсынысы негізінде, Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылына ұсақ мүйізді малдар арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Э. Ким
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитетінің Қаратал
аудандық аумақтық инспекциясы
мемлекеттік мекемесінің басшысы Алмат Полатұлы Күншығар
"30" маусым 2014жыл
Қаратал аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқарма
басшысының міндетін атқарушы Владимир Петрович Маркевич
"30" маусым 2014жыл