Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 03.12.2019 № 371 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Алиев |
Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Аудан атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | ||||
Кербұлақ ауданы | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Мектеп жанындағы толық күн қатыспайтын шағын орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Мектеп жанындағы толық күн қатыспайтын шағын орталықтар |
422-422 | 200-475 | 40-115 | 16631-18297 | 8783-9010 | 3199-2723 |
кестенің жалғасы
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың бір айға төлемақы мөлшері (теңге) | Бір тірбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Мектеп жанындағы толық күн қатыспайтын шағын орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Мектеп жанындағы толық күн қатыспайтын шағын орталықтар |
6700-6760 | 7000-6000 | 0-0 | 12850-19764 | 7984-8752 | 0-0 |