Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 26.09.2014 № 12 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Кербұлақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 16-01-102 ұсынысы негізінде Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында ұсақ мүйізді және ірі қара малдары арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдыбұлақ ауылдық округінің ветеренариялық пункт меңгерушісі Уали Ерлан Өміржанұлына жүктелсін.
3.Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі У. Әжібаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Кербұлақ аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасының Мемлекеттік мекемесінің
Басшы м.а Е.О. Ешкенов
02 маусым 2014 жыл
"Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы"
Мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Н. Тоқабаев
02 маусым 2014 жыл